Accessibility links

Украинада президент күзетінің екі полковнигі Зеленскийге қастандық жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталды


Украина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский

Украина қауіпсіздік қызметі мемлекеттік күзет басқармасының екі қызметкері президент Владимир Зеленскийге қастандықты дайындады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Украина барлау қызметі қастандықты ресейлік арнайы қызметтер дайындаған деп мәлімдеді.

Украина қауіпсіздік қызметі "ұсталған полковниктер Зеленский мен Украинаның басқа да әскери-саяси жетекшілігін өлтіруге дайындалған Ресейдің ФСБ желісіне кірген" дейді. Арнайы қызметтің мақсатына Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк пен Украина әскери барлауының жетекшісі Кирилл Буданов та болғаны айтылады.

Украина қауіпсіздік қызметі "Будановтың өлімі Путиннің инауграциясына дейін жоспарланған, бұл Ресей президентінің ұлықтау рәсіміне сыйлық ретінде дайындалған" дейді. Хабарламаға сай, генерал барады деген үйге ракеталық соққы, кейін дронмен соққы және тағы бір рет ракетамен соққы жасалуы керек болған.

Украина қауіпсіздік қызметі "күдікке ілінген екі адам Зеленскийді кепілге алып, кейін өлтіретін әскерилерді де табуы керек болған" деп мәлімдеді.

Мемлекеттік күзет басқармасы президентті, жоғары лауазымды тұлғаларды қорғаумен айналысады. Бұл арнайы қызмет тікелей президентке бағынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG