Accessibility links

Қазақстан жаздың соңына дейін қант экспорттауға шектеу қойды


Қазақстан 31 тамызға дейін қантты шетелге экспорттауға шектеу қойды. Ведомствоараллық комиссия "қазақстандықтарды қантпен тұрақты қамтамасыз ету үшін" осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Үкіметтің хабарлауынша, осы шешімнен соң Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне (Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейге) және шетелдерге қант сатпайды.

Үкімет қазір елде 256 тонна қант қоры барын айтады. Бұл – елдің жыл сайын пайдаланатын қанттың жартысы.

"Елде ай сайын 46 тонна қант пайдаланылады, жазда сұраныс 60 тоннаға дейін жетеді. Қазіргі қант қоры кезекті өнім жиналғанға дейін жетеді" деді ауыл шаруашалық министрінің орынбасары Ерболат Тасжүреков.

Осы аптада Ресей үкіметі де жаздың соңына дейін қант экспортына шектеу қойды. Бірақ Ресей ЕЭО-дағы елдеріне 120 тонна сатпақ.

2022 жылы жазда Қазақстанда қант тапшы болып, халық дүкендерде қант үшін таласқан еді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды "ұят" деп, үкіметке тез арада мәселені шешуді тапсырған. Екі жылдан бері Қазақстан Ресей, Беларусь және басқа елдерден қант алып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG